Renault логотипін өзгертті

renault.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2021 21:51 renault.com
2024 жылға қарай брендтің барлық моделіне жаңа логотип қойылады.

Компания жаңа эмблеманы алғаш рет 2021 жылы қаңтарда "Ренолюция" деп аталатын тың стратегияның тұсаукесері кезінде көрсеткен. Оны Renault 5 электрлі концептісінен байқауға болады. Ал жақында жаңа белгі ресми жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Renault компаниясының дизайн бойынша директоры Жиль Видальдің айтуынша, логотип өзгерту жұмыстары 2019 жылы басталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2021 21:51

"Біздің ромб — автомобиль әлеміндегі ең танымал белгілердің бірі. Ол бірегей геометриялық фигура. Біз оны жаңарту арқылы жаңа мағына мен заманауи құндылықтар қосуды көздедік", — деді Жиль Видаль.

Айта кетерлігі, жаңа логотип брендтің барлық моделіне бірден қойылмайды. Бұл жұмыс 2024 жылға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: