Қазақ өз жеріндегі жол үшін неге ақы төлеуі керек?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 16:25 видеодан кадр
Ақылы жолда атап болды.

Ақылы жолдағы апат. Бұл жолы Бурабайдағы демалыстан келе жатқан бүтін бір отбасы жолға атып шыққан бұландардың кесірінен жазым бола жаздады. Одан қалды бір өлімнен қалған жүргізушіге құзырлы орган әкімшілік айыппұл салып, жолға жауаптылар бүлінген қоршаулардың ақысын төлетпек. Көлігі жарамсыз жағдайға түскен келіншек қазір әділдік іздеп, сотқа жүгінген. Ал, күні кеше Қарағанды маңында ақылы жолмен келе жатқан жолаушыларға толы автобус бір үйір жылқыны қағып кетті. Абырой болғанда адамдар дін аман. Күтіп баптауына қыруар қаржы жұмсалатын трассалар неліктен өмірге қауіпті?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл Петропавл-Нұр-Сұлтан трассасы. Жолаушылардың айтуынша, аталған аймақта жабайы аң-құстардың көшіп-қонуін жиі көруге болады екен. Мәселен, мына жануарлар жүйткіген көлікпен бірге жолда жүгіріп жүр.

Тас жолдың бойында серуендеп жүрген дәл осы төртаяқтылар алматылық Гүлнәз Сәкенқызын отбасымен жазым қыла жаздаған. Өйткені, елордаға келе жатқанда жеті қараңғыда бұландарға соғылып, апатқа ұшыраған. Абырой болғанда, көлікте болған 7 жолаушы дін аман. Ал, тұлпары жарамсыз жағдайға түскен келіншекті тәртіп сақшылары жауаптың астына алып жатқан көрінеді.

Гүлназ Сәкенқызы, зардап шегуші:

Бұл оқиға Ақкөл маңында тіркелді. Көлікте менің кәмелет жасына толмаған 3 балам және әпкемнің 2 ұлы болды. Қараңғы түсіп қалған уақыт, кенет алдымыздан он шақты бас бұлан секіріп өтті. Мен жылдамдықты тежеп үлгерсем де, бір жануарды қағып кеттім. Соққының қатты болғаны соншалық автокөлік шыр көбелек айналып, жолдың жиегінде тұрып қалды. Осы жерде сұрақ туындайды, біз бұл жолға не үшін ақы төлеп жүрміз?

Әупірімдеп аман қалған келіншек оқыс оқиға тіркелген маңда бұған дейін бірде-бір жол белгілері болмағанын айтады. 2-3 күннен кейін апат болған жерге барған уақытта, тіпті арам қатқан жануарлардың өлекселері де алынбағанын көрген.

Гүлназ Сәкенқызы, зардап шегуші:

Апат болған аймақта бірде-бір жол белгісі жоқ еді. Бірақ, үш күннен кейін апат болған жерге барсам жауаптылар жолға жабайы жануарлар шығуы мүмкін деген арнайы белгі орнатып қойыпты. Енді, осыны неге алдын-алуға болмайды? Ол аз дегенде жолға жауаптылар қоршауды сындырып өттің деп маған айыппұл салып жатыр. Әкімшілік іс те қозғалды. Көлігім жарамсыз жағдайға түсті. Енді, осы мәселелерді сотта көтеретін боламын.

Ақылы жолға жауаптылар ол учаскеде барлық жағдай жасалған деп өздеріне шаң жуытар емес. Десе де, жабайы жануарлардың жолға шығып кетіп жүргенін мойындап отыр. Сондықтан, мамандар жүргізушілерден түн мезгілінде жылдамдықты шетктен тыс асырмауға кеңес береді.

Мұратбек Айтымбетов, "Қазавтожол" ҰК АҚ" ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының бас маманы:

Бүкіл ақылы участок металлдармен қоршалған. Бірақ, бұғылар, жабайы аңдар кез-келген жерден шыға келеді. Себебі, олар 3,5 метрге жерге дейін секіреді екен жоғарыға. Бұл жол көлік оқиғасының жол қозғалысын қадағалайтын уәкілетті органдармен хаттама толтырылды. Қазір, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Жүйткіген көліктердің жануарларды қағуы жан-жағы қоршалған ақылы жолдарда алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін, сәуір айында "Шымкент-Самара" тас жолында 7 жолаушысы бар темір тұлпар жолға секіріп шыққан жылқыны қағып, 3 адам тіл тартпай кеткен болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: