Жаңалықтар тізбегі
0

Қозы - 45 мың. Елімізде тірі малдың бағасы күрт қымбаттап кетті

Danaqaz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 15:56 Danaqaz
Мамандар оның басты себебін пандемиямен байланыстырады.

Атырау облысында ұсақ малдың бағасы шарықтап тұр. Мұнайлы өлкеде семіз қойдың орташа бағасы 130 мың теңгеден сатылып жатыр. Ал Қарағандыда қыста туған қозының бағасы 30 мыңнан басталады, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

– Қазір ең арзан қошқар тек Шымкентте ғана. Алайда қарапайым халық Құрбан айт жақындағанда құнығып кететін саудагерлерден қорқып отыр.

- Бұлар қазір салық төлеп жатқан жоқ. Үш жылға босатты ғой, неге қымбат?

Атырауда облысында мал базарға қой іздеп барғандардың тауы шағылып қайтады. Қалтаны қаққан қымбатшылық тұрғындардың шымбайына шын батқан. Өйткені мал бағасы былтырғымен салыстырғанда екі-үш есеге артып отыр. Мәселен, базарда қозы 45 мың, ісек қой орташа 130 мың теңгеден сатылып жатыр. Мамандар оның басты себебін пандемиямен байланыстырады.

Еркін Беккелеев, мал базарының зертхана меңгерушісі:

- Пандемияда базар бір-екі мәрте жабылып қалды. Онлайн сату деген болды. Сатушыларға қиын болды. Клиент болмай қалды. Онлайн сатуда жеткізіп беруді сұрайды. Үй-үйге апарып беруге мәжбүр болды. Сол кезде көп мал сатылмай қалды.

Қазір малды бордақылап, өзі базарға әкеліп сататындар азайған. Көбі алыпсатарлар. Атырауға төрт түліктің көбі көршілес Батыс Қазақстан облысынан әкелінеді.

Қанат Жәнібеков, Атырау қаласының тұрғыны:

- Он қойға, 2 мың теңге қосылады. Оның үстінен біз пайда көреміз. Сосын іште ветеринар дәрігерлерге береміз. Орын ақымыз бар. Соның бәрін төлегенде 2-3 мың теңге қосамыз.

Мұнайлы өңірде ірі малдың да құны күрт атқан. Бие 500 мың болса, сиырдың бағасы 450 мыңға дейін барады. Ал қос өркешті жануарды 1 миллион теңгеге сатып аласыз.

Қойдың құнын тұрақтандыра алмай отырған облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасы "мал бағасының өсуі қалыпты жағдай, қайтадан ретке келеді" деп ақталып отыр. Ал төрт түлікті саудалағандар жем-шөп құнын түсірмейінше, ұсақ жандықтың бағасы шарықтай береді деп бекініп алған. Мысалы, бір ісектің құны 100 мың теңге тұрады.

Қарағандыда да мал етінің бағасы өсуін тоқтатар емес. Құрбан айт жақындаған сайын қой сататындар алақанын ысқылап отыр. Қыста туған қозы бағасы қазір 30 мыңнан басталса, күздік тоқтылардың құны 55 мың теңгеге дейін. Одан ірі ісек қойларға 70-80 мың теңге сұрап тұр. Сатушылар қымбатшылықты күн санап өсіп жатқан жем-шөптің бағасымен байланыстырады. Ұсақ малды ауылдан жеткізу мен оны сатылғанша баптаудың шығыны тағы бар. Ал тұрғындар "жақын күндері ет жеуді қоямыз ба?" дейді.

Мақсат Бейсенаев, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Мал етінің қымбаттауы елге өте ауыр болып тұр. Өйткені бұл жерде ауыл еңбеккерлерінің еңбегін де ұмытпау керек. Дегенмен Айт кезінде қой етінің қымбаттуы халықтың қалтасын қағады. Бағаны тым көтермесе деген, осы бір бағаға бақылау жасайтын, қарайтын жағдайды қолға алса деп ойлаймын. Әйтпесе ет жеп өскен қазақ халқы бір күні ет жеуден де қалатын шығар.

Қазақстан бойынша ең арзан ет Шымкентте. Себебі төрт түлікті көп ұстайтын күнгейде биыл шөп тапшы. Былтыр 500 теңгеден сатылған бір бума шөп, дәл қазір 1300 теңгеден сатылып жатыр. Шөптің бірінші орымның өзі тым қымбатқа түсіп жатыр деген малшылар жаз соңына қарай елде жұт бола ма деп үрейленеді.Сондықтан, малды асырауға қиналған шаруалар жапа тармағай қой мен сиырын сойып сатуда

Асқар Әлиасқаров, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Жем тапшылығынан адамдар өздерінің қойларын өткізіп жатыр. Содан бізде баға 100-200 теңге арзандау түсіп жатыр. +Қарағанды, Атырау, Ақтаудан кеп, Алматыдан кеп сойып жатыр. Ол жақтан қарағанда арзан. 2200 теңгеден сойып беріп жатырмыз. + Шөп биыл жоқ. Тапшы боп жатыр. Адамдар өздерінің шөп тапшы болғаннан кейін қозыларын, бордақы мал ұстаудан қиналып жатыр.

Сарапшылар елімізде жанар-жағармай мен жем-шөптің бағасы арзандамайынша, малдың да құны қымбаттай береді дейді. Соңғы бес жылда өзен-көлдердің тартылып қалуы да төрт түліктің күйін қашырған. Қазір малшылар жайылым жер жоқ болғандықтан, мал басын азайта бастаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: