Жыл басынан бері елімізде адам саудасы бойынша қанша факті тіркелді
pixabay.com
Тұрғымбаевтың айтуынша, қылмыстың бұл түрі жасырын сипатта болады және кез-келген жәбірленуші тікелей полицияға арыз жазуға бейім келмейді.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев адам саудасына қатысты фактілермен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Биыл біз адам саудасының бес фактісін тіркедік. Біз үкіметтік емес ұйымдармен, Адам құқықтары жөніндегі омбудсменмен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бұл - өте шетін тақырып. Президент жарлыққа қол қойғаннан кейін біз Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын жасадық, - деді Ішкі істер министрлігінің басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қылмыстың бұл түрі жасырын сипатта болады және кез-келген жәбірленуші тікелей полицияға арыз жазуға бейім келмейді.
Біз бір қылмыстық істі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияладық. Қыздардың жыныстық қанауға ұшырауы турасында. Оларды кейбір елдер арқылы Бахрейнге жеткізіп, құжаттарын тартып алған. Қазір қыздардың барлығы дерлік елге қайтарылды. Тергеу жүріп жатыр, бұған Бахрейннің құқық қорғау жүйелері тартылған. Жақын арада сот отырыстары болады деп ойлаймын. Мұндай мысалдар аз, бірақ біз әр қылмыстық істі түбегейлі зерттейтін боламыз, - деп атап өтті Тұрғымбаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript