Қазақстанда кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі өзгертілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 18:38 zakon.kz
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар қарыз бойынша ЖТСМ мәнін агенттіктің сайтында өз бетінше есептеп, тексере алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік ұйымның және қарыздың түріне қарай сыйақы мөлшерлемелерінің сараланған шекті мәндерін енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы негіздегі қаулы 2021 жылғы 15 наурызда қабылданды.

Айта кетсек, 2011 жылдан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттердің барлық түрі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бірыңғай болып, 56%-ды құрады.

Қаулының қабылдануымен банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері сараланды:

- кепілсіз банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
- кепілді банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 40%-ға дейін төмендетілді;
- ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 25%-ға дейін төмендетілді;
- микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
- 45 күнге дейінгі мерзімге 50 АЕК-ке дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

ЖТСМ – бұл банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметтері бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар қарыз бойынша ЖТСМ мәнін агенттіктің сайтында өз бетінше есептеп, тексере алады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: