Жаңалықтар тізбегі
0

Кәсіпкерлердің өтініші бойынша жер аукциондарын бастаудан бас тартқан қазақстандық шенеуніктерге айыппұл салын

Кәсіпкерлердің өтініші бойынша жер аукциондарын бастаудан бас тартқан қазақстандық шенеуніктерге айыппұл салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 12:01 Сурет: pexels
Қазақстандық кәсіпкерлер енді бизнес жүргізу үшін жер телімдерін өз бетінше таңдай алады, ал әкімдіктер олардың өтінімдері бойынша сауда-саттықты бастауы керек. Бұл норма қабылданғаннан кейін бес жылдан соң ақыры жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі 18 қыркүйекте хабарлағандай, заңға сәйкес кәсіп және ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар (ауыл шаруашылығы жерлері бойынша) арқылы берілуі тиіс.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерден жоғарыда аталған мақсаттар үшін жер учаскесін алу мүмкіндігі әкімдік сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар өткізген жағдайда ғана болды. Бұл ретте кәсіпкер жерді әкімдік сауда-саттық пен конкурстарға қойған учаскелер тізбесімен ғана таңдай алды. Енді өзі таңдай алады.

Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жауап беретін жер учаскелерін таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156- VІ ЗРК Заңымен ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер жер алуға өтінімдер бойынша бас тартылған сәттен бастап 90 күн ішінде жерлерді сауда-саттық және конкурстарда беру қажеттілігі себебінен әкімдіктерді жер учаскелерін сауда-саттыққа шығаруға міндеттейді.

Бірақ іс жүзінде бұл норма оны орындамағаны үшін жауапкершіліктің болмауына байланысты жұмыс істемеді. Ұлттық палата жүргізгін анализге сүйенсек, тек Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір жыл ішінде кәсіпкерлердің 58 өтінімі бойынша әкімдіктер тарапынан жер учаскелерін беруден бас тартылған. Бұл ретте олардың ешқайсысы Жер кодексінде белгіленген 90 күн мерзім ішінде сауда-саттық жүргізбеген.

Бұл ситуация сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін көбейтті, өйткені кәсіпкерлер әкімдіктің қызметкерлеріне нақты учаскені сауда-саттыққа немес конкурсқа қоюға өтінішпен жүгінуге мәжбүр болды.


"Біздің бастамамызбен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде жер учаскесін сауда-саттыққа шығармаған немесе оны беруден бас тартқаннан кейін 90 күн мерзімін бұза отырып шығарған әкімдіктің лауазымды адамына айыппұл салуды көздейтін норма бекітілді. Бірінші бұзушылық жасалса 30 АЕК (103,5 мың теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл ішінде екінші бұзушылыққа жол берілсе, 60 АЕК (207 мың теңге) салынады. Қазіргі кезде жауапкершілік үшін нормалар күшіне енді және белгіленген 90 күн өтті. Енді жер инспекторлары талап орындалып жатыр ма, жоқ па, тексеріп жатыр. Жауапкершілік белгіленген соң 2018 жылдан бері "қолданылмаған" норма іске асатын болады. Кәсіпкерлер жария кадастр картадан бос учаскені таңдау арқылы сауда-саттық немесе конкурсты өткізуді өзі бастамалай алады", – деді "Атамекен" ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Ернұр Әбжан.

Бұған дейін біз Ұлттық палата бүгінде жұмыс істемейтін бірқатар норманың әлі де жұмыс істеуі үшін тағы қандай ұсыныстар енгізгенін жазғанбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: