Қазақстанда этникалық қазақтарға бизнес жүргізу үшін жаңа виза беріледі

ҚР Еңбек министрлігі, паспорт, виза, "қазақ" картасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 17:36 Сурет: Zakon.kz
Этникалық қазақтар Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жеңілдетілген тәртіпте виза ала алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, шетелде тұратын, сол жерде кәсіппен айналысып жүрген этникалық қазақтар да бар және олар Отанымен тарихи байланысты сақтағысы келеді.

Сондықтан әлемдік тәжірибеге сүйеніп, біз "қазақ картасын" пайдалануды қолға алғымыз келеді. Шетелде тұрғысы келетін, бірақ бізбен бірге кәсіп ашып, Қазақстанның дамуына үлес қосқысы келетін этникалық қазақтарға елімізге келуге толық мүмкіндік беріледі. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова

Министрдің айтуынша, виза жеңілдетілген тәртіпте және 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: