Тамара Дүйсенова Еңбек министрлігін бөлу туралы ұсынысқа пікір білдірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 17:17 Сурет: primeminister.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте депутаттардың министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Еңбек министрлігінің басшысы 1990 жылдары Қазақстанда екі ведомство – Еңбек министрлігі мен Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болғанын, кейін оларды біріктіру туралы шешім қабылдағанын айтты.

Бүгінгі күні жинақтаушы немесе ынтымақты зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері зейнетақы жарналарына немесе әлеуметтік аударымдарға байланысты. Демек, әлеуметтік қорғау белгілі бір түрде жұмыспен қамтуды ынталандыру тетіктерінің бірі болып саналады. Әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту функциялары өзара байланысты – олардың бірі ынталандырады, ал екіншісі адамға әлеуметтік қызметтердің немесе төлемдердің сол немесе басқа түрімен қаншалықты жақсы қамтамасыз етілгенін көрсетеді.Тамара Дүйсенова
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: