Еңбек кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі
Сурет: pixabay
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек министрлігі жастардың еңбек құқықтарын қорғау үшін Еңбек кодексіне «жас қызметкер» ұғымын енгізуді көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау. – ред.) Еңбек кодексіне «жас қызметкер» ұғымын енгізетін түзетулер жөнінде бастамашылық етпек. Жас маманды үш айдан кейін жұмыстан шығаруға болатын сынақ мерзімін де жойғымыз келеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов
Спикер «бүгінгі күні еңбек заңнамасында сынақ мерзімі қарастырылған, содан кейін қызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін» деп еске салды.
Егер біз бұл сынақ мерзімін алып тастасақ, онда қызметкер жұмысқа толық сәйкес келмесе және қосымша оқыту қажет болса, жұмыс беруші оның біліктілігін одан әрі арттырып, қызметкерден бас тарпайды. Яғни, жас маманды себепсіз жұмыстан шығару мүмкін болмайды. Ержан Біржанов
Мұндай норманы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізу, вице-министрдің айтуынша, жастардың жұмысқа орналасуына оң әсер етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript