ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімін ұзаққа созбау керек – депутат

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 17:38 Ж.Құспанов
Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаевтың депутаттық сауалы.

"Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалы Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжановқа жолданады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылы мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестіні жаңа форматта тапсыруда. Бейнекамераларды орнату және "прокторинг" жүйесінің арқасында білім министрлігі тестілеу процесті ашық түрде өткізуде.

Сонымен қатар, биыл түлектер қажет болған жағдайда тестіні қайта тапсыруға мүмкіндік алды.

Мұның бәрі жақсы және дұрыс шаралар, бірақ ата-аналар ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімінің белгісіздігіне байланысты депутаттарға жүгінді.

Белгілі болғандай, бұл мерзім нормативті түрде анықталмаған, бірақ ауызша тамыз айының соңы деп аталды.

Осыған байланысты, өткен оқу жылы қашықтықтан оқыту және осыған байланысты стресстік жағдай, түлектер көрсеткіштерінің нашарлауына ықпал еткенін атап өткен жөн.

Мысалы, тек 15 маусымдағы тестілеуде 160 мыңға жуық оқушының 60 мыңнан астамы немесе 40% пайызы шекті еңсере алмаған, ал 1200-ге жуық түлек тестілеуге мүлдем жіберілмеген.

Бұл балалардың көпшілігі мектепте жақсы көрсеткіштерге ие болды және тесттің нашар нәтижелерін өте ауыр қабылдады. Отбасылардың көпшілігі мемлекеттік органдарды қашықтықтан оқытудың төмен сапасын кінәләп, наразалық білдіруде.

Мұндай шағымдар үшін объективті негіздер бар екенін мойындау керек.

Сонымен қатар, көптеген ата-аналар балаларының осы алғашқы үлкен сәтсіздікке реакциясы туралы алаңдаушылық білдіруде. Кешегі сәтті және үмітке толы түлектер, эмоционалды күйзелісті сезінеді, ата-аналары мен табысты сыныптастарының алдында ұятқа қалуда.

Өткен жылдардың статистикасын бәріміз білеміз, қанша түлек стресске төтеп бере алмай, төтенше шараларға барды. Құдай сақтасын одан.

Сонымен бірге, бұл балалар қылмыскер емес және қоғам алдында ештеңеге кінәлі емес, лайықты білім алуға және өмірде жетістікке жетуге деген ниеттері бар. Біздің жастарымызды азаптап емес, табандылықпен жігерлендірген дұрыс болар еді.

Тарих алғашқы емтихандарды сәтсіз аяқтаған, бірақ үлкен биіктерге жеткен табысты мемлекет қайраткерлері мен кәсіпкерлердің көптеген мысалдарын біледі. Мысалы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі "Али баба" Дүниежүзілік сауда интернет жүйесін жасаушы Джек Ма - 10 рет (!) университетке түсу емтихандарын тапсыра алмапты.

Ал ұлы ғалым, саластырмалық теориясының авторы Альберт Эйнштейн, мектепте оқығанда топас оқушы деп есептелетін.

Ия, кейбір балалардың таланттарың көпшілік жүре бара байқайды. Алысқа бармай-ақ, өз мақтанышымыз Димаш Құдайбергенде де соған соған айқын дәлел.

Сондықтан біздің түлектеріміздің алдында есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасында болашақ жетекшілер, таланттар, не жай лайқты азаматтар шығыу мүмкін.

Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары біздің түлектерімізді ҰБТ-сыз, өз ережелері бойынша қабылдайтынын да ескеру қажет. Қайта тапсырудың алшақтауының әсері, кейбір талапкерлердің Қытай, Латвия, Чехия, Венгрия, Украина және тағы басқа елдердің университеттердің жанындағы дайындық курстарына баруға әкеледі. Ресейдің бірқатар жоғары оқу орындары жылдың басынан бастап бастап ең жақсы оқушыларды шақыра бастады, сол себепті мыңдаған дарынды балалар Қазақстаннан ҰБТ-ға дейін кетеді.

Осылайша, біз ҰБТ-ны қайта тапсырудың кешіктірілуі ештеңемен негізделмеген және айқын тәуекелдерге алып келеді деп есептейміз.

Осыған байланысты, құрметті Ералы Лұқпанұлы, сізден шұғыл түрде білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсыруыңызды сұраймыз.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: