Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 50 педофил бостандыққа шығып алды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2021 15:31 видеодан кадр
Сексолог мамандар, бостандыққа шыққан педофилдер қайта балаларға көз алартпайды дегенге сену қиын, дейді.

Жыл басынан бері еліміздің түрмелерінен 50 педофил жазасын өтеп, бостандыққа шыққан. Мұндай статистиканы қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары келтірді. Ал, халық қалаулылары мұндай жандар қоғамға қауіп тудыруы мүмкін деп дабыл қағады. Бір қызығы жыл соңына дейін түрмеден шығатын озбырлыққа барған қылмыскерлердің барлығы дерлік мәжбүрлі химиялық кастрациялау санатына кірмейді екен. Себебі, олар бұл заң енгізілгенге дейін істі болған жандар, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары азаймай тұр. Деректерге жүгінсек, тек өткен жылдың өзінде кәмелетке толмағандарға қатысты 832 іс тіркелген. Бүлдіршіндер мен жеткіншектерге көз алартқан азғындар үшін жаза қатаңдатылғанымен, бұның да әсері шамалы көрінеді.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Соңғы жалдары бұл қылмыстар бойынша заңнаманы күшейту бағытында біршама жұмыс жасалды. Алайда, Бас прокуратураның статистикасына талдау бұл қылмыс түрінің азаймағанын көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы бес жылда елімізде балаларға қарсы сексуалдық сипаттағы 3893 қылмыс тіркелген. Айта кету керек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша зорлау фактісі 2016 жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен.

Ал, халық қалаулылары жазасын өтеп шыққан педофилдерге қатысты бақылау пробациялық шаралардың күшейтілгенін талап етіп, бұған дейін бірнеше рет еліміздің бас полицейіне депутаттық сауал жолдаған еді. Осы жолы да Бақытбек Смағұл зорлық-зомбылық әрекетке барған қылмыскерлерге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұқаралық ақпарат құралдарында биылғы жылдың соңына дейін "32 педофил бостандыққа шығады" деген ақпарат тарады. Бұлретте, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлермен қылмыстық-атқару мекемелерінде қаншалықты тиісті жұмыстар жүргізілді және біздің пробациялық қызмет бұл санаттағы адамдармен жұмыс істеуге қаншалықты дайын деген сұрақтар туындайды.

Ал, қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары бостандыққа шығатын педофилдер, мерзімінің аяқталуына 6 ай қалғанда психиатрдың қабылдауында болатынын айтады. Балаларға озбырлық жасаған әр жазасын өтеуші сот психологиялық-сараптамадан өтеді. Сынақтан сүрінгендердің ісі сотқа жолданып, оларға химиялық кастрация қолдану бойынша шешімді фемида өкілдері қабылдайды екен.

Бибігүл Мұңайтпасова, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің Тәрбие және әлеуметттік-психологиялық жұмыс басқармасының басшысы:

Қазір қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелерде кәмелетке толмағандарға озбырлық жасаған 1860 адам жазасын өтеуде. Әр сотталушыға мамандар түзеу орнына келген күннен бостандыққа шыққан уақытқа дейін тәрбиелеу мақсатында арнайы бағдарлама дайындайды. Біздің негізгі жұмысымыз жазасын өтеуші азаматтардың өз қателігін түсініп, болашақта қылмысқа бармауын қадағалау.

Сексолог мамандар, бостандыққа шыққан педофилдер қайта балаларға көз алартпайды дегенге сену қиын, дейді. Сондықтан, бұл ауруды емдеудің бір ғана жолы барын айтады. Ол – химиялық кастрация.

Ирина Ким, психолог-сексолог:

Педофилияның өзі екі санатқа бөлінеді. Біріншісі, алдамшы педофилия ол ешқандай жолмен емделмейді. Мұндай топтағы жандар өзінің бойындағы балаларға деген құмарлықты өмір бойы білдірмей, сырт көзден жасырып жүруі мүмкін. Ал, шынайы педофилия ол санатқа көбіне психологиялық ауытқуы бар азаматтар жатады. Негізінен, құмарлық бұл аурудың бір түрі.

Сондай-ақ, балаларға озбырлық жасаған қылмыскерлер бостандыққа шыққан жағдайда, оларға мектеп, балабақша, балаларға арналған орталықтарға кіруге тыйым салынады. Жазасын өтеген жандар, ішкі істер органдарында әр ай сайын тіркеуден өтіп тұруға міндетті. Бірақ, бұл шаралар педофилдерге тұсау болмай тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: