Бір директор мектеп ішінен бильярд ашып алды

people.onliner.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2019 22:42 people.onliner.by
Мектеп әкімшілігі бұл балаларға арналған бильярд үйірмесі деп шыққан. Бірақ ата-аналар балаларымыз бильярд ойнаған емес дейді.

Астаналық №15 мектеп директоры мектеп ғимаратының астыңғы қабатын бильярд залына айналдырған. Агенттікке осындай да шағым келіп түсті деді бүгін Ұлттық бюро брифингінде Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық департамент жетекшісі Жазира Жылқышиева, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Директор – еркек емес, әйел адам.

Мектеп әкімшілігі бұл балаларға арналған бильярд үйірмесі деп шыққан. Бірақ ата-аналар балаларымыз бильярд ойнаған емес дейді.

– Мектеп басшылығы бильярдты балалар үшін ашқанын айтады. Бірақ ол залдың балаларға арналмағаны анық. Үлкен бөлмеде бильярд столы, жұмсақ жиһаз қойылған. Бильярд залына балалар мен ата-аналарды кіргізбеген. Қазір тексеру жүріп жатыр. Барлық фактілер анықталғаннан кейін толық комментарий береміз. Мектеп басшысын жұмыстан босатқан жоқпыз, әзірге фактілер тексерілуде, – деді ол.

Оның сөзінше, халық көбінесе білім беру мекемелеріне шағымданады. Әдетте ақша жинату деректерін хабарлайды. Екінші ең жиі түсетін шағымдар – жолдарды жөндеу сапасына қатысты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: