Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда полицейлері бір аптада құқық бұзған 220 жасөспірімді бөлімшеге жеткізді

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 15:39 elorda.info
Аталған іс-шараны өткізуге жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау басқармасы, ата-аналар комитеті және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Жеті күннің ішінде астаналық полицейлер 300-ден астам ойын сауық орындарын тексеріп, жасөспірімдердің қатысуымен 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жергілікті полиция қызметі ағымдағы жылдың 27-ші тамызы мен 5-ші қыркүйегі аралағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Шараның мақсаты - жасөспірімдердің арасындағы қылмысты, кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану фактілерін алдын алу, олардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерге және ойын-сауық мекемелеріне бару фактілерін анықтау.

Аталған іс-шараны өткізуге жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау басқармасы, ата-аналар комитеті және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

«Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасының 7 күндік қорытындысы бойынша 300-ден астам ойын-сауық орындары (мейрамхана, дәмхана, барлар, түнгі клубтар мен компьютер клубтары т.б.) мен жастардың көп жиналатын орындары (бақтар, саябақтар мен демалыс орындары т.б.) тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 220-дан астам жасөспірім ІІБ-на жеткізілді» делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған қоса, 6 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: