Түркістан облысында табылған туристтің денесін тасымалдау кезіндегі видео жарияланды

ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 20:35 ҚР ТЖМ
Туристің денесі Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің қосылған жерінен жоғары екі шақырымнан табылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында жоғалған жеті туристтің соңғысының денесін бүгін тауып, оны тасымалдау кезінде түсірілген видеомен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, жоғалған барлық туристі іздеуге 27 күн жұмсалған.

Айта кетсек, 22 маусымда сағат 11:50-де іздеу жұмыстары кезінде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің қосылған жерінен жоғары екі шақырымнан адам денесін тапты.

Айта кетсек, 25 мамырда сағат 18: 30-да "112" басқару пультіне 7 туристің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 28 мамырда үш турист табылып, құтқарылған болатын. 29 мамырда екі туристің мәйіті табылды. 12 маусымда тағы бір туристің денесі табылды. Жоғалған барлық туристерді іздеуге 27 күн жұмсалды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: