Алматы облысында іздеудегі жігіттің денесі таудан табылды
yvision.kz
Ер адамның денесі Талғар тоғанның жоғары жағынан табылды.
Алматы облысы Талғар ауданында із-түзсіз жоғалған 39 жастағы ер адамның денесі таудан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» еріктілер бірлестігінің жетекшісі Ислам Угушев растады.
«Өкінішке орай, ақпарат расталды. Ер адамның денесі Талғар тоғанның жоғары жағынан табылды. Оның денесін сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар тауып алды. Бүгінгі сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жігіттің денесінен зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Әкесі өлген адам Максим екенін растады. Туған-туыстарына көңіл айтамыз», - деді Ислам Угушев.
Айта кету керек, Құлатаев Максим Амангельдіұлы 6 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript