Қонақүйде жоғалып кеткен әншінің денесі жағажайдан табылды
Британдық джаз әншісі Ханна Нортхед бесжұлдызды қонақүйде жоғалып кеткен соң оның денесі Ұлыбританияның оңтүстігік жағалауындағы Бичи-Хед мүйісінен табылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Нортхед сәрсенбі күні Истборндағы Гранд-отелден Лондондағы үйіне оралмағаннан кейін оның жоғалып кеткені мәлім болды. 43 жастағы әншінің денесі бейсенбі күні жартас бөктеріндегі жағажайдан табылды.
Шығыс Суссекс графтығының полициясы әншінің денесін тапқаны туралы мәліметті растап, оқиғаға байланысты тергеудің басталғанын хабарлады.
Нортхед Шотланд корольдік консерваториясының түлегі, Альберт-Холл мен Барбикан концерт залында өнер көрсеткен, ІІ Елизавета мен Тони Блэрдің алдында ән шырқаған. 2014 жылы Суррей университетінде музыкадан магистрлік дәрежесін алып, вокалдан сабақ берумен айналысатын VoiceCity Vocal Coaching жеке компаниясын құрған.