Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің басшысы қызметінен босатылды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 23:02 ПМ
Себеп - басқа қызметке ауысуына байланысты.

Ләззат Сүйіндік ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ПремьериМинистрінің сайтында хабарланды.

"ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды", делінген хабарламада.

Ләззат Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Шеффилд университетін тәмамдаған.

2008-2014 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарған.

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық БАҚ басқармасының басшысы.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: