Тамара Дүйсенова қызметінен кетті
Нұрлы өлке
Тамара Дүйсенова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен кетті.
Nur Otan саяси партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова қызметінен кетті деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек желідегі парақшасында жазды.
- Тамара Дүйсенова басқа қызметке ауысуына байланысты Nur Otan саяси партиясының хатшысы қызметінен кетті. Ол бір жарым жыл ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның сайлауалды міндеттері мен әлеуметтік бастамаларын орындауға маңызды үлес қосты. Партия басшылығы атынан ол кісіге атқарған жемісті жұмыстарына алғыс айта отырып, жаңа қызметіне сәттілік тілеймін", деп жазды Байбек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript