Дүйсенова: "Қазақмыс" жұмысшылардың жалақысын көтеруге келісті
Zakon.kz
Тамара Дүйсенова корпорация басшылығы қазір тиісті құжатқа қол қою мәселесін қарастырып жатқанын айтты
"Қазақмыс" корпорациясы мен кәсіпорын басшылығы арасындағы келіссөздер аяқталып қалды, - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.
"Келіссөздер аяқталып қалды. Жалақыны көтеру жөнінде мәселе болды, жұмыс беруші келісіп отыр, қазір қол қою жағын қарастырып жатыр", — деді Дүйсенова журналистерге.
Қарашаның соңында Қарағанды облысының әкімдігі Оңтүстік Жезқазған кеніші мен "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы арасында еңбек дауы туындағанын хабарлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript