Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде қой экспортына тыйым салынуы мүмкін

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 19:36 pixabay.com
Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес аналық ұсақ мүйізді мал басын шығаруға тыйым салынған.

24 маусымда Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың тірі ұсақ мүйізді малдың экспортына толық тыйым салу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ағымдағы жылдың басында ұсақ мал басы 20,05 млн басты құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өсім 902 мың басты (4,7%) құрады, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Жыл басынан бері төл есебінен қой басы 7,1 млн. - ға ұлғайды, осылайша, ағымдағы жылдың 1 маусымына Қазақстанда 27,1 млн. ұсақ мал басы бар, деп хабарлады ҚР АШМ.

Айта кету керек, жыл сайын республикада 172,4 мың тонна қой еті өндіріледі. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 100,7% - ды құрайды. Ағымдағы жылдың 4 айында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстан, Бахрейн және Ресей елдеріне 538 тонна қой еті экспортталды.

Алайда, қой шаруашылығы саласындағы басқа қоғамдық ұйымдар қой экспортына тыйым салу мәселесі фермерлердің қаржылық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екенін жеткізіп, тыйым салуду енгізбеу жөнінде өз ұстанымдарын білдірді.

"Биыл құрғақ ауа-райы жағдайына байланысты оңтүстік өңірлерде азық бағасының өсуі байқалады. Шөптің аздығына байланысты фермерлер үлкен аумаққа жем жинауға мәжбүр, бұл жанар-жағармай шығындарын және жем бағасын арттырады.Осылайша, жем-шөпті уақтылы дайындау және сатып алу мақсатында фермерлер төлдерін жазғы, күзгі кезеңдерде өткізуге мәжбүр болады" делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ, пандемияға байланысты экспорттық нарықтар толық қалпына келтірілмеді. Авиатасымалдау құны 2 есе өсті. Барлық өңірлерде артық қой етін экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін заманауи сертификатталған ет өңдеу кәсіпорындары жоқ.

Фермерлер бұл қиын жағдайда тірі қойлардың экспортына тыйым салу олардың қаржылық жағдайына теріс әсер етеді деп санайды. Сатып алу бағасының төмен болуына байланысты фермерлердің мал басын күтіп-бағуға жұмсаған шығындары өтелмейді және олар мал басын ұлғайтуға мүдделі болмайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес аналық ұсақ мүйізді мал басын шығаруға тыйым салынған.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі қой шаруашылығын дамыту үшін арнайы мемлекеттік көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын. Асылдандыру жұмыстары, асыл тұқымды мал басын сатып алу, бордақылау алаңдарына немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құны субсидияланады, сондай-ақ шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер субсидияланады.

Тараптардың пікірлерін ескере отырып, ведомствоаралық комиссия тірі қойлардың экспортына толық тыйым салу мәселесі ертерек деп санайды.

Талқылау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы жылдың күзінде қой етін өндіру және сату секторының теңдестірілуін қамтамасыз ету мақсатында тірі малды экспорттауды квоталау тетігін енгізу тапсырылды, - дейді ҚР АШМ баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: