Қазақстанда КВИ мен пневмониядан көз жұмушылар саны артып барады

strategy2050.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 16:01 strategy2050.kz
25 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде 22 325 адам КВИден ем-дом алып жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 25 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте 13 адам коронавирустан, бесеуі КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Бір күн бұрын COVID-19-дан жеті науқас, ал бір адам пневмониядан қайтыс болған еді. Осыдан-ақ тәулік бойындағы кісі өлімі артып бара жатқанын аңғаруға болады.

25 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде 22 325 адам КВИден ем-дом алып жатыр (21 025: КВИ + және 1 300: КВИ -), олардың 6 738-і стационарларда, ал 15 587 адамы амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

КВИ + және КВИ - науқастар арасында:

- ауыр жағдайда - 409 науқас;
- өте ауыр күйде - 104;
- жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандары - 68.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: