Өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан сегіз адам көз жұмды

ca-portal.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 15:54 ca-portal.ru
24 маусымдағы жағдай бойынша, 22 098 адам КВИ-ден ем-дом алуды жалғастырып жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус инфекциясына байланысты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ондағы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте COVID-19-дан жеті адам, КВИ белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

24 маусымдағы жағдай бойынша, 22 098 адам КВИ-ден ем-дом алуды жалғастырып жатыр (20 828: КВИ + және 1 270: КВИ -), оның 6 588-і стационарда, ал 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ - науқастар арасында:

- ауыр жағдайда - 408 науқас;
- өте ауыр күйде - 95;
- жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 72.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: