Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ерлі-зайыпты жаңа туған баласын сатпақ болған

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 18:07 pixabay.com
Ерлі-зайыпты Өзбекстан Республикасының азаматы мен Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.

ҚР Ішкі істер министрлігі "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Үш күн ішінде адам саудасы, жеңгетайлық, қанау мақсатында бас бостандығын шектеу бойынша 56 қылмыс анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция қызметкерлері жұмысқа жегу мақсатында бас бостандығынан айырудың екі фактісін, адам саудасының екі фактісін, кәмелетке толмағандарды сатудың екі фактісін анықтады. Сондай-ақ жезөкшелікке тартудың жеті фактісі анықталды, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған және 43 жезөкше ордасын ұйымдастыру немесе ұстау бойынша, - деді Ораз брифингте.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының полициясы жезөкшелік қызмет көрсету үшін Петропавлда бірнеше саунаны жалға алып, жеңгетайлықпен айналысқан сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Алматы полициясы ерлі-зайыпты - Өзбекстан Республикасының азаматы мен Жамбыл облысының тұрғынының жаңа туған баласын сату фактісін анықтады, - деді ол.

Оралда 17 жасар қызды жезөкшелікке алаяқтық жолмен тартқан 30 жастағы Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Маңғыстау облысында қанаудың тағы бір жағдайы анықталды. Ферма басшысы физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, мамырдан маусымға дейін 59 жастағы ер адамды мәжбүрлі түрде ұстап, жұмысқа жеккен.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Адамдарды сату, қанау мақсатында күштеп ұстау, жеңгейтайлық сынды қылмыстарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, - деп қорытындылады өз сөзін ҚР ІІМ ресми өкілі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: