Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда қолхатпен босатылған әйел тағы жеті адамды опындырды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2021 20:48 polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуға шақырады.

Түркістан облысында 50-ден астам алаяқтық фактісіне қатысы бар әйел қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, бейтаныс әйел ұлын мүгедектікке шығарып беремін деп, сеніміне кіріп, 100 мың теңге ақшасын алып, жоқ болғанын айтқан. Алайда уәде етілген іс орындалмағаннан кейін, өзінің оңбай алданғанын түсінген тұрғын полицейлерден көмек сұраған. Аталған факт Түркістанның полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қылмысты жедел ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-да тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, олар бірден алаяқтың жеке-басын анықтауға кірісті. Іздестіру іс-шаралары барысында күдікті жыл басынан бері бірнеше рет алаяқтық жасап, қолхатта жүрген Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Оны полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жасырынып жүрген жерінен құрықтады, деп хабарлайды Түркістан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Түркістан ҚПБ полицейлерінің айтуынша, бұған дейін де, яғни жыл басынан бері сезіктінің алаяқтықтың 51 фактісіне қатысы бары анықталып, іс-құжаттар сотқа жолданған. Қазіргі таңда осы қылмыстық істер қаралып, 15 маусым 2021 жылы соттың шешімімен 33 жастағы күдіктіге алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Белгілі болғандай күдікті әйел жалғызбасты және жұмыссыз, өзінің кәмелетке толмаған екі қызымен бірге тұрады. Сонымен қатар, соңғы бір айдың ішінде бас шарасы “қолхатта” жүрсе де, ескі әдетін тастамай, жеті адамды алдап, ақшаларын алып алғаны айқындалды. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында тұрғындарға өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, сенімдеріне ие болып, “қысқа мерзім ішінде мүгедектікке шығарып беремін” деген жалған уәдемен қарапайым азаматтарды сендірген. Қазіргі таңда соңғы алаяқтық жайттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, құжаттар сотқа жолдану үстінде. Күдікті әйел қамауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуға шақырады.

Таныс емес адамдарға көп мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмаңыз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз, делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: