Нөмірді жасыру: полиция кейбір жүргізушілер қолданатын айла-шарғылармен бөлісті

Автокөлік, жүргізуші, нөмірді жасыру, полиция, айла , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 18:59 Сурет: pixabay
Ақмола облысының полицейлері айыппұлға ілінбес үшін көлік нөмірлерін бүркемелейтін жүргізушілердің айла-амалдарын әшкерледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлік белгілер әрқашан жақсы көрінуі керектігін атап өтті. Іс жүзінде сандардың ластану салдарынан оқылмайтын жағдайлаыр болады, сондай-ақ белгіні жасырудың қасақана тәсілдері бар: әдейі ластау, заттармен жабу немесе стандартты емес бекіту амалдары (арқандар, кабельдер және т.б.).

"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында нөмірлік белгіні толығымен жасыруға мүмкіндік беретін арнайы құрылғыларды пайдалану жағдайлары да анықталды.

"Сонымен, "Екатеринбург - Алматы" тас жолының 1342 шақырымында HOWO маркалы жүк көлігі тоқтатылды, ол нөмірдің астына арнайы құрылғы орнатқан,  тетікті басу арқылы оның көмегімен нөмірді қашықтан жатқызып, көтеруге болады. Осыған ұқсас құрылғы Shacman маркалы автокөліктен де табылды", - дейді тәртіп сақшылары.

"Қауіпсіз жол" ЖАІШ басталғаннан бері осы санаттағы бұзушылықтар бойынша 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Берік Асылов прокуратура басшылығында жаппай ротация жүргізгені хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: