Қазақстандықтар қалай алданады: полиция алаяқтардың “ескі” айласын еске салды
Сурет: polisia.kz
Алдын алу шараларының күшейтілуіне және ауыспалы абоненттік нөмірлерден жасалатын алаяқтық қоңыраулардың бұғатталуына байланысты киберқылмыскерлер өздерінің ескі айла-амалдарына көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция соның бірін еске түсірді.
Соңғы кезде егде жастағы адамдарға қатысты жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Алаяқтар үй телефондарына хабарласып, өздерін сол кісілердің жақын туыстары ретінде таныстырып, жол апатына түскендерін айтып, мәселені шешу үшін ақша сұрайды.
"Одан кейін телефонды полиция қызметкеріне бергендей болады. Ал олар өз кезегінде қарт адамдардың сенгіштігін пайдаланып, жинаған қаражатын жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамға беруге немесе жақынын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін жұмсауға көндіреді", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Төлеуханов.
Жәбірленушілер ақшаны беруге келіскеннен кейін оларға қарай курьерді жібереді.
"Осыған орай біз азаматтарды, әсіресе қарт адамдарды мұқият болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырамыз! Егде жастағы туыстарыңызға алаяқтықтың осы түрі туралы ескертіңіздер. Мұндай қоңыраулар түскен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатып, келіп түскен ақпаратты тексеру үшін аталған туыстармен байланысу қажет. Ақпарат расталмаған жағдайда "102" нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласыңыздар", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Марат Төлеуханов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript