Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмония бойынша кісі өлімі тіркелген жоқ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 16:30 zakon.kz
30 маусымдағы жағдай бойынша, 24 822 адам КВИ-ден ем-дом алуды жалғастыруда (23 526: КВИ + және 1 296: КВИ-).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте COVID-19-дан 13 науқас көз жұмды, ал коронавирус белгілері бар пневмония бойынша кісі өлімі тіркелмеген.

30 маусымдағы жағдай бойынша, 24 822 адам КВИ-ден ем-дом алуды жалғастыруда (23 526: КВИ + және 1 296: КВИ-), оның 7 453-і ауруханаларда, ал 17 369 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ - науқастар арасында:

- ауыр жағдайда - 493;
- өте ауыр хәлде - 103;
- жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар - 67 науқас.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: