Қазақстанда сұйылтылған мұнай газының шекті бағасы бекітілді

top.st, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 17:35 top.st
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

ҚР Энергетика министрі 2021 жылғы 22 маусымдағы бұйрығында Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электронды сауда алаңдарынан тыс тасымалдау жоспары шеңберінде сатылатын сұйылтылған мұнай газының шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдарынан тыс тасымалдау жоспары шеңберінде сатылатын сұйылтылған мұнай газының шекті бағасы бекітілсін: 1 тоннасы 38 701,67 теңге (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиын), қосымша құн салығын есептемегенде, делінген құжатта.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: