Қосшы ауылы қалаға айналды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 15:28 24.kz
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: