Шілде айы аптап ыстық ауа-райымен басталады

obltv.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 18:27 obltv.ru
Синоптиктердің айтуынша, Иран аумағынан ыстық және құрғақ ауа массаларының ығысып келуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде, әдеттен тыс ыстық ауа-райы сақталады.

Синоптиктер 1-3 шілдеге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Иран аумағынан ыстық және құрғақ ауа массаларының ығысып келуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде, әдеттен тыс ыстық ауа-райы сақталады. Тек батыста, содан кейін республикамыздың солтүстік-батысында циклон жүріп, кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жауын-шашын түседі, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да мүмкін, жел екпіні күшейіп, керісінше ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Сынап бағаны түнде еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталықта 12-25 ℃ жылылықты көрсетеді, ал күндіз 30-44 ,4 градус аптап ыстық, шығыста түнде 12-20 градус жылы, күндіз 27-35 ℃ ыстық болады, батыста түнде 15-26 ℃ жылы, күндіз 28-36 ℃ ыстық болады деп күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: