Алматыда дәретханаға түсіп, қайтыс болған бір отбасы мүшелеріне қатысты тың мәлімет

1 Шілде 2021, 11:02
Сурет: Алматы қалалық ПД

Патрульдік полиция қызметкерлері шұңқырдан ер адамның қалай аман алып шыққандарын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Патрульдік полицияның екі экипажы дабылды шақырту бойынша оқиға орнына тез жетті. Оқыс оқиға сағат 20:00-де болды.

Кезекші жедел уәкілден қоңырау келіп түскеннен кейін, бірнеше минуттан соң біз сол жерде болдық. Сырттағы дәретханаға бірнеше адам құлап кеткені туралы бізге хабарланды. Біз барсақ, оның сырты алынып тасталыпты, шұңқырға баспалдақ арқылы түстік. Бірінші болып полиция капитаны Мұрат Кәкібеков түсті. Біз баспалдақтан және оның қолынан қатты ұстадық. Тереңдігі шамамен 3 метр, ол 1,5 метр деңгейіне дейін толған. Мұрат ер адамның қолынан ұстап үлгерді. Олар оны сүйреп шығарды. Капитан Кәкібековтің орнына бірден полиция аға лейтенанты Мадияр Төлембаев түсті. Ол бір жасар қызды тауып, оны шығарып алды. Бірақ, өкінішке орай, бала қайтыс болған. Осы кезде құтқарушылар да келді. Арнайы жабдықты қолдана отырып, олар 56 жастағы әйел мен 12 жасар баланың денелерін алып шықты. Бір отбасы үшін ауыр, орны толмас қайғы, - деді Патрульдік полиция полкінің взвод командирі, полиция капитаны Асыл Разбек.

Құтқарылған адам, полицейлердің айтуынша, жедел жәрдемге тапсырылып, ауруханаға жатқызылды.

Қайғылы жағдайдың тізбегін әбден зерделей келе, шыққан қорытындыға сүйенсек, кешке қарай үйдің ауласында ойнап жүрген бір жасар қыздың байқаусызда көшедегі дәретханаға түсіп кеткен. Мұны көрген 12 жасар ағасы мен 1955 жылғы әжесі көмекке келген, олар кішкентай қызды шығарамын деп жүріп, өздері де шұңқырға құлаған. Содан кейін балалардың 1980 жылғы әкесі көмекке келеді. Дәретхана сыртын құлатып, кәріз құдығына түсіп кеткен балалары мен шешесін шығарып алуға тырыса бастайды. Алайда, көп ұзамай ол да есінен танып, шұңқырға құлайды, - деді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дидар Аханов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?