Жаңалықтар тізбегі
0

"Алты әйел алған". Отбасы мүшелеріне оқ атқан елордалыққа қатысты тың дерек шықты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 15:47 Pixabay
Көршілердің айтуынша, қайтыс болған әйелмен отағасы ажырасқан. Олардың ортақ екі ересек баласы бар. Сот отбасына тиесілі пәтерді бөліп алуға шешім шығарған. Осы аралықта екеуі де сол пәтерде тұрып келген.

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелін атып өлтіріп, баласын жаралаған ер адамның әрекетіне мүлік таласы себеп болуы мүмкін. Көз жұмған әйел оқ атқан азаматтың бесінші әйелі болған, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Қайғылы жағдай түнгі 10-дар шамасында болған. Суық қару мен әйелдің даусын естіген көршілері дереу полиция шақырған. Өкінішке орай, полицейлер келгенше, әйел жан тапсырған. Көршілерінің сөзінше, араққа сылқия тойып алған күдікті оқиғадан кейін де суық қаруын асынып алып, пәтер жағалап жүрген. Ұрыс-керістің себебі, әлі нақты емес", - дейді телеарна тілшісі.

14 жылдан бері көрші болып тұрған Галина Латыпова қонсы отбасының жағдайын жақсы біледі. Тек соңғы рет сөйлескен кезінде, екі әйелінен психологиялық қысым көріп жүргенін айтып, шағымданған.

Галина Латыпов, куәгер:

- Ол жаман ер азамат емес. Илиястың анасы 6-шы әйелі, ал қайтыс болғаны - 5-шісі. Олар оны екі жақтан шаршатқан сияқты. Ол үнемі "мыналар мені шаршатты" дейтін. Үйін сатқысы да келді. Мен үйіне кіргенде, Илияс "мен қазір өлемін" деп ішін ұстап жылап жатты. Арғы жағына әйел жатыр еді, барсам жаны үзіліп кеткен екен.

Полицияның дерегінше отбасылық жанжал кезінде, үйде бес жасар бала мен күдіктінің ажырасқан әйелі болған. Дәрігерлер, ауыр жағдаймен жеткізілген балаға шұғыл ота жасапты.

Біржан Досмаилов, №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Іш жағында жарақаты бар. Баланы жедел түрде ранимация бөлімшесіне жатқызып, дайындық өткізгеннен кейін шұғыл түрде операция жасалынды. Лопорцкопиялық операция. Қазіргі жағдай баланың тұрақты.

Баланы қазіргі таңда, дәрігерлермен көріп шықтық. Ол баламен қазіргі уақытта балалар психологы айналысып отыр. Полиция анықталғандай, күдікті аңшы мылтығын пайдаланған. Оның қаруға рұқсат қағаздары да болған. Ер адам бұрын ішкі істер органында жұмыс істепті.

София Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Белгілі болғандай осы қылмысты ол мас күйінде жасағаны анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторна қамауға алынды. ҚР Қылмыстық Кодексінің "Кісі өлтіру" яғни 99-ыншы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Көршілердің айтуынша қайтыс болған әйелмен отағасы ажырасқан. Олардың ортақ екі ересек баласы бар. Сот отбасына тиесілі пәтерді бөліп алуға шешім шығарған. Осы аралықта екеуі де сол пәтерде тұрып келген. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: