Қазақстанда қанша долларлық миллионер жүр?

1 Шілде 2021, 12:34
Сурет: zen.yandex.ru

Қазақстанда 27,9 мыңнан астам долларлық миллионер өмір сүреді. Бұл туралы Credit Suisse зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды LS.

Есепке сәйкес, 2020 жылы әлемде шамамен 56,1 млн долларлық миллионер болды, олардың 23,6 млн-нан астамы Солтүстік Америка елдерінне, 15,8 млн еуропалық елдерге, 9,7 млн жуығы Азия-Тынық мұхиты аймағына тиесілі. Бұл ретте Қазақстанда 27 923 долларлық миллионер бар.

Салыстыру үшін: АҚШ-та олардың саны 21,95 млн, Қытайда – 5,3 млн, Жапонияда – 3,7 млн, Германияда – 2,95 млн, Ұлыбритания мен Францияда – 2,5 млн, ал Ресейде – 268,5 мыңнан астам.

Оның үстіне, 27,9 мың қазақстандықтардың 388-i әлемдегі ең ауқатты адамдардың 10%-ы қатарына кіреді, оның ішінде 26-сы – ең байлардың 1%-ы.

Есепте сондай-ақ, 12,2 млн ересек қазақстандықтардың әл-ауқаты $409 млрд немесе орташа есеппен бір адамға $33 463 құрайтыны көрсетілген. Бірақ олардың жартысы бір адамға 12 мың доллардан төмен.

Бұдан басқа, Қазақстанның ересек халқының 46,3%-ы бір адамға $10 мыңнан төмен, 49,3%-ы $10 мыңнан $100 мыңға дейін, 4,2%-ы $100 мыңнан $1 млн-ға дейін және 0,2%-ы $1 млн-дан жоғары әл-ауқатқа ие, деп Credit Suisse есебінен куәландырады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?