Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер: Жаңбырлы күндер қайта оралады...

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 17:19 pixabay.com
Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронттар 8 мен 10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамтып, солтүстік-шығыс бағытқа ойысады.

Синоптиктер 8-10 шілдеге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдағы күндері ауа-райы жаңбырлы болады деп болжанып отыр.

Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронттар 8 мен 10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамтып, солтүстік-шығыс бағытқа ойысады. Осыған байланысты күн жаңбырлы болады: батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста - найзағай ойнап, бұршақ аралас қатты жаңбыр жауады. Екпінді жел бұлттарды қуалайды. Батыста ауа температурасы түнде: + 13 + 23 градус, күндіз: + 23 + 32 градус. Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде + 10 + 21 градус болады деп күтіледі, күндіз термометр + 20 + 28 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің орталығы мен шығысында түнде: + 13 + 23 градус, күндіз :+ 25 + 37 градус, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы + 18 + 25 градус, күндіз + 30 + 42 градус болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: