Жаңалықтар тізбегі
0

COVID-19-ға қарсы вакцина алуды міндеттеу қазақстандықтардың құқығын бұзбайды

inbussines.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2021 17:02 inbussines.kz
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлама таратты.

Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті, олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі – профилактикалық екпелер. Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес)", делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін КВИ-ға қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар және бұл "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген конституциялық нормаға сәйкес келетіні (Конституцияның 31-бабы) атап өтіледі.

"Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, ҚР Конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілей отырып, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана құқықтар мен бостандықтар шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы)" деп түсіндіреді құзырлы орган.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: