Жаңалықтар тізбегі
0

Сүйінші! "Славян базарының" бас жүлдесіне Қазақстан ие болды

БЕЛТА, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2021 15:35 БЕЛТА
Айта кетсек, алты жыл бұрын әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген осы фестивальдің Гран-Приін ұтқан болатын. Бұл жолы тағы бір жерлесіміз осы жеңісті қайталап, еліміздің мәртебесін өсірді.

Витебскідегі "Славянский базары" халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының Гран-приі Қазақстан өкіліне бұйырды, деп хабарлайды zakon.kz БелТА-ға сілтеме жасап.

18 шілдеде жас орындаушылар байқауының бас жүлдесі үшін қызу тартыс өтті. Вокалистер бас дирижер Виталий Кулбаковтың жетекшілігімен Беларусь Республикасы Президенті оркестрінің ұжымының сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады.

Тартысты күресте жеңісті Қазақстан өкілі Рухия Байдүкенова жұлып алды. Гран-приді үздік орындаушыға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті.

Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич алды. Ән байқауының екінші дәрежелі дипломы Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифелге берілді. Үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев бөлісті.

Қазылар алқасы ақылдасып, Гран-придің кімге ие болатынын анықтау кезінде көрермендер Беларусь, Ресей, Украина, Грузия, Қазақстан әртістерінің қатысуымен өтетін концертті тамашалай алды.

Николай Носков, Ярослав Сумишевский, Игорь Корнелюк, Ангелина Ломако, Александр Панайотов, Сергей Пенкин, Тео және Ольга Рыжикова сынды әртістерді көрермендер Витебск қаласында жылы шыраймен қарсы алды. "Корни" тобының сүйікті және танымал хит әндеріне залдағы қыздар билеп, дискотека ұйымдастырды. Ал Димаш Құдайберген сахнаға шыққан кезде, айнала қиқуға басып, зор қошемет легі залда біразға дейін басылмады, - деп жазады БЕЛТА.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: