Тоқаев: Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады
topspb.tv
Керісінше, эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдайы өте күрделі - Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Президенттің айтуынша, соңғы кездері науқастардың саны күрт көбейген.
Күніне 5 мыңнан астам науқас тіркеледі. Бір апта бұрын біз бұл мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде үкімет бәрі бақылауда екенін жариялады. Өкінішке орай, жағдай жақсармай тұр. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі, - деді Президент.
Осыған байланысты Президент шұғыл шаралар қабылдану қажеттігін айтты.
Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет, - деді ол.
Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) July 19, 2021
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript