Отандық танымал суретші дүниеден озды

21 Шілде 2021, 13:58
Сурет: Facebook

Алматыда белгілі қазақстандық суретші Вадим Сидоркин қайтыс болды. Қаралы хабарды Суретшілер одағы растады, деп хабарлайды zakon.kz.

Вадим Сидоркин 62 жаста еді. Оның өліміне не себеп болғаны айтылмайды.

Вадим Сидоркин - әйгілі Евгений Сидоркин мен Гүлфайрус Исмаилова сынды суретшілердің ұлы. Евгений Сидоркин - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын безендіріп тұрған алып декоративті панноның авторы және Әуезовтің "Абай жолы" классикалық романының иллюстрациясын жасаған. Қастеев атындағы өнер мұражайы коллекциясының інжу-маржаны болып табылатын "Қазақ вальсі" картинасы қылқалам шебері Гүлфайрус Исмаиловаға тиесілі. Сондай-ақ ол Күләш Байсейітованың, Дина Нұрпейісованың және басқалардың портреттерін салған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?