Ақмолалық келіншек бір жарым айлық сәбиін 1 миллион теңгеге сатқан

26 Шілде 2021, 17:44
Сурет: polisia.kz

Ақмолалық келіншек өзінің бір жарым айлық қызын баласы жоқ ерлі-зайыптыларға 1 миллион теңгеге сатқан, деп хабарлайды zakon.kz.

23 шілдеде Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері баланы сатып алу-сату фактісін анықтады. Заңсыз мәміле туралы жедел ақпарат облыстық криминалдық полиция басқармасына келіп түсті, оның қызметкерлері бір жарым айлық қызды өз отбасына алған перзентсіз ерлі-зайыптылардың ізіне түсті, делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Белгілі болғандай, мәміле Ақмола облысының аумағында ерлі-зайыптылар мен бұрын ұрлық пен алаяқтық үшін жауапқа тартылған баланың анасы арасында жасалған.

Полиция шешесі қызын 1 миллион теңгеге сатқанын анықтады. Қазіргі уақытта Ақмола жедел уәкілдері облыстағы жаңа туғаннан үш жасқа дейінгі балаларды ұстайтын мекеме қызметкерлерінің бірін қылмысқа қатыстылығын тексеріп жатыр, - дейді ҚР ІІМ.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 2-бөлігі, "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап айыптының мүлкін тәркілеумен қатар, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны қарастырады.

Күдіктіге қатысты келіп көрінуге міндеттеме алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, делінген ҚР ІІМ хабарламасында.



zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?