Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан-Қытай шекарасында 5 мың жүк вагоны қаңтарылып тұр

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2021 17:18 24kz
Вагондарға негізінен бидай мен кен тиелген.

Қазақстаннан Қытайға жүк тиеген 5 мыңнан аса вагон шекарадан өте алмай тұр. Өйткені қарсы тарап карантин талаптарын күшейтіп, жүкті өткізу мүмкіндігін барынша қиындатып тастаған, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Вагондарға негізінен бидай мен кен тиелген. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясы хабарлайды.

Қанат ӘЛМАҒАНБЕТОВ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Соңғы ақпарат бойынша, Достық станциясы бағытында 72 пойыз, Алтынкөл станциясы бағытында 25 пойыз қозғалыссыз тұр. Ол вагондарға мамыр-маусым айларында бидай, кен, кокс тиелген еді. Әр пойыз орташа есеппен 50 вагоннан тұрады десек, "Достық" бағытында 3500-4000, "Алтынкөл" бағытында 1500 вагон бар.

Жауаптылардың айтуынша, Қытай тарапы аз мөлшерде қазақстандық тауарды кіргізуге рұқсат беруді бастапты. Қазір былтыр қарашада тиелген вагондар өткізілген. Қытай жабық вагонға тиелген тауарларды кіргізуге тиым салған. Айтуларынша жабық вагонмен вирус тасымалдануы мүмкін. Экспортпен айналысушылар миллиондап шығынға батуда. Бұған үкімет ешқандай қарсы жауап қайтара алмаймыз дейді.

Қанат ӘЛМАҒАНБЕТОВ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елдің премьер-министрінен бастап вице-премьер, министр, барлық деңгейде бірнеше рет хат жолдап, тиелген жүкті қабылдауын сұрадық. Әзірге жүкті Қазақстан шекарасында Қытайдың вагондарына тиеп алып кетуге рұқсат берді. Егер тауарымызды қабылдамағаны үшін олардың вагондарын өткізбей қойсақ, олар басқа жол табады. Мәселен Ресей біз арқылы өт деп жеңілдік ұсынып отыр. Қытай тауары Еуропаға Ресей арқылы кетсе біз транзиттен түсетін табыстан айырыламыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: