Токио-2020: Сәкен Бибосынов жеңіліп, қола медальмен шектелді
olympic.kz
Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.
Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты.
Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті.
Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript