Жаңалықтар тізбегі
0

Жолаушылар қоғамдық көліктерге Ashyq арқылы тексеріліп, мінгізіле бастады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 21:39 zakon.kz
Бұл шара кешеден бері іске қосылған, бірақ ел арасында көп сауал тудырып отыр дейді дереккөз.

Атырауда қоғамдық көліктерге жолаушыларды Ashyq қосымшасы арқылы тексеріп, мінгізе бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақ Жайық басылымының хабарлауынша, бұл шара қала тұрғындары арасында түсінбестік туғызған.

Бұл шара кешеден бері іске қосылған, бірақ ел арасында көп сауал тудырып отыр дейді дереккөз.

Көлікке отырар алдында жолаушылардың мәртебесі тексеріледі, бірақ смартфоны мен Ashyq қосымшасы жоқ адамдар бәрібір автобусқа жіберіледі. Мұндай жарым-жарты шараның қажеті қанша, - дейді қала тұрғындары түсінбей.

Биліктің ресми жауабын қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАР жеткізді.

"Жолаушылар қоғамдық көлікке "Ashyq" қосымшасындағы QR кодын сканерлеу арқылы отырғызылады. Сондай-ақ, смартфон мен "Ashyq" қосымшасы жоқ жолаушылар да автобусқа жіберіледі. Бұл жоба тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін анықтаудың қосымша шарасы ретінде енгізілді, өйткені қоғамдық көлікте адамдардың шоғырлану ықтималдығы жоғары", делінген ресми жауапта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: