Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай жүлдесіз қалды

Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
Ол өз тобында 3 ұпаймен төртінші орында қалды.

Каратэден Қазақстан командасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Мөлдір В тобында сынға түсіп, екі кездесуде жеңілді, бір кездесуде тең түсті. Ал бір жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.

Атап айтар болсақ, ол египеттік Радва Сайедті ұтып, украиналық Анжелика Терлюгамен 4:4 есебімен тең түсті.

Ал австриялық Беттина Планк пен жапониялық Михо Мияхараны ұту мүмкін болмады.

Ол өз тобында 3 ұпаймен төртінші орында қалды. Ал келесі кезеңге тек екі спортшы жолдама алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз