Токио-2020: боксшы Закир Сафиуллин жеңіліп, жүлдесіз қалды

Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2021 22:11 Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Ширек финалда ұтылып қалды.

Бокстан 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Закир Сафиуллин ширек финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Сафиуллин 1/4 финалда австралиялық Гарри Гарсайдпен кездесті. Тартысты кездесуде 3:2 есебімен Австралия өкілі жеңіске жетті.

Айта кетелік, Қазақстан сапынан екі боксшы ғана жартылай финалға өтті. Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов ширек финалдан сүрінбей өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: