Еуро-2020: Украина соңғы минуттарда доп соғып, Швецияны жеңді
Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Украина құрамасы Швецияны жеңді. Кездесу Глазгодағы (Шотландия) "Хэмпден Парк" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.
Есепті Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зинченко ашты. 27-минутта Зинченко Андрей Ярмоленконың пасынан кейін жойқын соққымен допты қақпаның алыс бұрышына бағыттады. 43-минутта Эмиль Форсберг позициялық шабуылды айып алаңының сыртынан соққы жасау арқылы аяқтап көрген еді, доп қақпа торында тулады.
Қосымша уақытта Швеция қорғаушысы Маркус Даниэльссон тікелей қызыл қағаз алды. Кездесудің 98-ші минутында Даниэльссон Артем Бесединнің тізесіне қатты соққы жасады. Төреші алдымен Маркусқа сары қағаз көрсетті, бірақ бейнеқайталауды көргеннен кейін төреші өз шешімін өзгертті. Қосымша уақыттың соңында Артем Довбик жеңіс голын соқты. "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Александр Зинченко матчтың үздік ойыншысы атанды.
Ширек финалда Украина Англия құрамасымен ойнайды.