Ресейде заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасалды

kazembassy.ru kazembassy.ru
Уақытша тіркеу мерзімінің аяқталуы құқық бұзушылық болып саналады.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей аумағындағы Қазақстан азаматтарына арнап үндеу жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей Федерациясы Президентінің 15.06.2021 жылғы №364 Жарлығына сәйкес, Ресейдегі шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясында болуын заңдастыру шараларын қабылдауы керек.

Ресейде уақытша тіркеу мерзімінің аяқталуы құқық бұзушылық болып саналады.

Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда азаматтарға жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Ресейде болуды заңды түрде ұзартудан бас тартқан және елден кеткісі келмеген жағдайда, азаматтарға қайтып кіру құқынсыз Ресейден күштеп шығару шарасы қолданылуы мүмкін.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз