Байқоңырдан қара металл тасығандардан пара алған басшы сотталды

zakon.kz zakon.kz
Ол жалпы сомасы 600 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Инфракос" басшысы Байқоңырдан қара металл алып шыққандардан пара алды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Тергеуші 2021 жылы 29 шілдеде Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" ШЖҚ РМК Бас директоры Ирюков К.С. ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігі бойынша (пара алу) айыпты деп танылып, 17,6 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасымен сотталды.

Ирюков жеке компанияның өкілінен Ресей Федерациясының жалға алынған аумағындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан "Инфракос" өндірістік қоймасынан 200 тонна қара металды кедергісіз алып өткізілгені үшін жалпы сомасы 600 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді, - дейді Биғайдаров.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз