Алматыда босанатын әйелдерден пара алған акушер-гинеколог сотталды
pixabay.com
Ол бастығы екеуі бес әйелден және олардың туыстарынан жалпы сомасы 780 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.
Алматыда акушер-гинеколог босанатын әйелдерден ақша алып келген, деп хабарлайды zakon.kz.
3 маусымда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының үкімімен мына адамдар сотталды: Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Г.Ж. Бодыковқа 27 млн 300 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды; жеке медициналық ұйымдардың акушер-гинекологы В.И.Быковский 3 жылға бас бостандығына шектеу жазасы кесілді.
Бодыков 2020 жылы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы наурызға дейін Быковскийдің делдалдық етуімен Перинаталдық орталыққа босандыру үшін және босану кезінде қолайлы жағдай жасағаны үшін босанған бес әйелден және олардың туыстарынан жалпы сомасы 780 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 615-бабына сәйкес), деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript