Нұр-Сұлтанда мүгедек қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

pixabay.com pixabay.com
Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Нұр-Сұлтанда мүгедек қызды зорлады деген күдікпен 47 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға 8 тамызда орын алған.

Сағат 21:00 шамасында Сарайшық, 5/1 мекен-жайында дүрбелең орын алды, - дейді куәгерлер. 40-50 жастағы ер адам мас күйінде мүгедек, тіпті сөйлей алмайтын қызды зорламақ болған. Ол церебральды сал ауруымен ауырады, - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуларынша, көршілері полицияға хабар берген, олар күдіктіні ұстап, сараптамаға алып кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Полицияға белгісіз ер адам тұрғын үйдің подъезінде 29 жастағы осы үй тұрғынын зорлады деген хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, -дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз