Елбасы кітапханасына "Къонахалланың" арнайы данасы жеткізілді

Elbasynyń kitaphanasy Elbasynyń kitaphanasy
"Къонахалла" шешен этикалық кодексі – үш мың жылдан асатын ежелгі дәуірден бастау алады.

Бүгін, 9 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына Халықаралық қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Шешен Республикасының Мәдениет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Магомед Эльжуркаев келді, дейді "Елбасының кітапханасы" ММ баспасөз қызметі.

Сапар барысында мейман Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа және бүкіл қазақ халқына "Къонахалла" шешен этикалық кодексінің арнайы шығарылған данасын сыйға тартты.

Қонақты қарсы алған Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат Қазақстан мен Шешен Республикасының бауырлас халықтарының арасын ежелден келе жатқан достық, экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Біздің халықтарымыздың арасындағы байланыс құрмет пен сыйластыққа, діні мен ділі өзара астасқан құндылықтарға және бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға деген ұмтылысқа толы. Сіздің бүгінгі сапарыңыз барша мұсылмандар үшін маңызды оқиға – қасиетті Мұхаррам айының бірінші күніне, Хиджра бойынша Жаңа жылмен сәйкес келіп тұр. Бүкіл шешен халқы үшін қасиетті саналатын "Къонахалла" кітабы – Елбасы кітапханасынан лайықты орын алады. Кітапханаға берген баға жетпес сыйлығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, – еді Б.Темірболат.

Өз кезегінде Магомед Эльжуркаев 1940 жылдары өз отанынан айырылған шешендерге көрсеткен көмегі үшін барша Қазақстан халқына шексіз ризашылығын білдірді. Ол Қазақстанның түрлі өңірлеріне мыңдаған қоныс аударушылармен бірге жер аударылған та-анасының тарихы туралы әңгімеледі.

Қазақстанда өмір сүрген жылдары 9 баласы бар Эльжуркаевтар отбасы мұнда екінші отанын тапқан. Кеңес дәуірінде М. Эльжуркаев әке-шешесімен бірге Ақтөбе облысында тұрып, еңбек еткен.

"Къонахалла" шешен этикалық кодексін қазақ халқына сыйға тартуды М.Эльжуркаев ата-анасы мен отаны алдындағы парызы деп санайды. Оның пікірінше, басылымда баяндалған ар-намыс, адалдық, отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік секілді дүниелер осы ұғымдарды білетін кез келген адамның көкейіне қонымды:

– Кітапта "қадірлі тұлға" дегенді білдіретін "къонаха" ұғымы жинақы әрі қысқаша ашылады. Къонаха – халық беретін атақ. Қазақстанда да гүлденген мемлекетті құрған елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа берілген Елбасы деген атақ бар. Ұрпақтарымыз екі бауырлас халық арасындағы байланысты білуі тиіс. Бұл нәзік байланыс біздің халқымызда "къонахалар" – мықты әкеден асып туған ұлдар өмірге келіп, ғұмыр кешіп жатқанда сақтала береді.

"Къонахалла" шешен этикалық кодексі – үш мың жылдан асатын ежелгі дәуірден бастау алады. Жинақ 55 өсиеті бар кодекстен тұрады. Бағалы басылым – кітап құрастырушылардың тарихи хроникалар, қауымдық жылнамалар, діни-этикалық трактаттар, фольклорлық және далалық деректер бойынша топтастырған көпжылдық жұмыстарының нәтижесі.

"Къонахалла" орыс, ағылшын, шешен тілдерінде жарық көрген. Басылым шешен халқының этикалық мәдениетіне және жалпы адамгершілік эволюциясына қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналған.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз